69
637 days ago
Неге намазда екі мәрте сәжде жасаймыз?
Бір кісі қазіретті Али ибн Әби Талибтен [Аллаһ оған разы болсын]: "Біз неге [намазда] екі рет сәжде етіп, ал рукуғта бір ғана иілеміз?" деп сұрайды.
Али [Аллаһ оған разы болсын]: "Мұның мәнісі рукуғқа қарағанда сәжде етуде [Аллаһқа] бағынушылық пен бойсұнушылық көбірек қамтылған. Сәжде етуде адамның ең құрметті жері, яғни маңдайы жерге тиіп, [кісі] Раббысына құрметпенен, бойсұнушылықпенен, әрі кішіпейілдігімен құл екендігін білдіреді".
Әлгі кісі: Әр ракағатта екі рет сәжде етіп, топыраққа [жерге] бас тигізудің мәнісі не?
Али [Аллаһ оған разы болсын]: "Аса қамқор, ерекше мейрімді Аллаһтың атымен бастаймын. Одан [топырақтан] сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз [деген Құран аятын оқып], Аса Ұлы Аллаһ хақ айтты" деді. "Бірінші сәжде жасап, басыңды көтеруің, яғни Аллаһтың: "Одан [топырақтан] сендерді жараттық" cөзімен мағыналас, себебі біз және біздің болмысымыз бәрі топырақтан болған. Екінші сәждеге бас қойғанда сен өліп, топыраққа қайта кіретініңді және сәждеден басыңды көтергенде, топырақтан қайта шығатыныңды еске аласың" деп Али ибн Әби Талиб [Аллаһ оған разы болсын] жауап берген.
Аллаһ аса Ұлы, Ол барлық нәрседен пәк. Шынында бүкіл нәрседе хикмет бар...

0 Comments
Realtime comments disabled